Семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 27-28 маусым аралығында Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеукметтік бағдарламалар бөлімінің және «Астана» бала бақша мекемесінің қызметкерлерімен «Аудандағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердегі еңбек шиеленістерін (еңбек дауын) алдын алу, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының инспекторы Ажиров Әділет Ешенханұлы қатысты. Семинар соңында қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіліп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Зинченко Ольга Николаевнаның «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясына» еңбекақы қарызын өтеу туралы жазған өтініші Байзақ ауданындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысында қаралды.