Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА 8 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

Биыл 25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Осы сайлауда халық 730 елді мекеннің жаңа басшысын таңдамақ. Оның ішінде Т.Рысқұлов ауданында 8 ауылдық округтің әкімі сайланады. Олар — Қайыңды, Тереңөзек, Өрнек, Ақыртөбе, Абай, Жаңатұрмыс, Қарақыстақ және Қорағаты ауылдық округтері.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомаpт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы 1 қыpкүйекте «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: iс-қимыл кезеңi» атты Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлау арқылы өткізу туралы тапсырма берді. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау азаматтарға өздерінің конституциялық құқығын толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді. Елімізде Қазақстан халқының 40%-дан астамы ауылдық елді мекеннің тұрғыны ретінде тіркелген. Яғни ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру ісіне Қазақстан азаматтарының 40%-дан астамы тартылатын болады.

Т.Рысқұлов ауданында әр ауылдық округтен 3 кандидаттан, жалпы 24 кандидат өтініш білдірген. Оның 9-ы өзін-өзі ұсыну жолымен, 7 кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылса, 8 кандидат «Ақ жол» партиясынан ұсынылып отыр.

Бүгінгі таңда әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын жасап, күнтізбелік жоспарға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарының жүргізуде.

Айта кететіні, Жамбыл облысының «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты жексенбі күні өтетін сайлау барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізу жоспарланып отыр. 92 сайлау комиссия мүшелері толық вакцинадан өткен. Ал дауыс берушілерге арнап облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.