Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін осы жаздың ең маңызды саяси оқиғасы басталып кетті. Кандидаттарды тіркеу шілденің 14-інде аяқталды. Ал кеше «тыныштық күні» болды.
Т.Рысқұлов ауданында 2021 жылдың 25-шілде күніне белгіленген ауыл әкімдерін сайлау Елорда уақытымен 07:00-де басталды.
Аудан бойы 8 ауылдық округтің әкімдері қайта сайланады. Жалпы 24 кандидат қатысып жатыр.
Сайлауға дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады.