103 ЖАСАР КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Мойынқұм ауданы, Кеңес ауылдық округі, Айдарлы ауылының 103 жасар тұрғыны Мырзағалиева Жақсықыз әжеге тасымалдау жәшігін сайлау комиссиясының мүшелері апарып, №306 сайлау учаскесі арқылы даусын қабылдады.
-Ауылымызда сайлау өтіп жатыр. Денсаулық көтермейді, учаскеге бара алмасам да үйден өз таңдауымды жасадым. Жеңіп шыққан азамат осы ауылға жанашырлық танытып, жағдайын жақсартуға жұмыс істейді деп сенемін. Заманымыз тыныш, жастар аман болсын,-деп қос ғасыр көрген әжей өзінің ақ батасын берді.