Әкімдерді тікелей сайлау­дың өзіндік артықшылықтары бар

Менің ойымша, Мемлекет басшысының Жолдауы арқылы жүзеге асырылып жатқан қанатқақты шара — әкімдерді тікелей сайлау­дың өзіндік артықшылықтары бар.
Алдымен, сайланатын әкім­дердің халық алдындағы жауап­кершілігі артатын болады. Халық сенім білдіріп сайлағандықтан, әкім жоғарыда тұрған билік органдарына емес, енді жергілікті тұрғындарға тәуелді болады. Яғни халықтың жергілікті би­лік­ті қалыптастыруға ықпалы күше­йеді деуге болады. Халықтың көпшілігі дауыс беріп сайлағандықтан, «Бұл қай­дан келген әкім?» деген сұрақ қо­йылмасы анық. Әкімнің қыз­метіне бағаны сайлау арқылы тұр­ғындар беретіндіктен, алдағы уа­­қытта әкімдердің қызметі жан­­да­нып, мұның өзі ауылдың жағ­да­йын жақсартуға септігін ти­гізері сөзсіз.
Бұған қоса, тұрғындардың сай­лау мәдениеті одан әрі көте­ріле түседі. Халық өзі тікелей дауыс беретіндіктен, жергілікті бас­қару үдерісіне қатысу белсен­ділігі артатын болады деп ойлай­мын. Біз бұған дейін ауыл әкімін мемлекеттік биліктің атқа­рушы тармағының өкілі деп қарас­ты­рып келсек, енді жергілікті өзін өзі басқарудың өкілі, яғни халықтың өкілі деп қарастыратын боламыз.

Болат ШОХАЙБАЕВ,
Ынтымақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы