Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген қолдау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде санаторий-курорттық емделу бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардан жыл басынан 228 өтініш түсіп, оның ішінде 110 азаматтың өтініштері «электрондық цифрлы қолтаңба» арқылы «Әлеуметтік қызметтер порталынан» өздерінің таңдауымен демалыс орындары таңдалып, толық қанағаттандырылды. Бүгінгі күнге 110 мүмкіндігі шектеулі азамат демалыс орындарында ем қабылдауда.