ЕРІКТІЛЕР ЕКПЕ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Т.Рысқұлов ауданының еріктілері коронавирус инфекциясымен күреске өздерінің сүбелі үлесін қосуда. Олар Құлан ауылындағы халық көп шоғырланатын орындарда коронавирусқа қарсы екпенің маңызы жөнінде 200 ақпараттық үнпарақтар таратып, оның маңыздылығы туралы айтып берді.

 

 

Осылайша еріктілер жұртшылықты вакцинациядан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырды.

Волонтерлар аудан орталығындағы Орталық базарда, азық-түлік дүкендерінде, қоғамдық тамақтану орындарында ақпараттық буклеттер таратты. Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырады деп сенеді ауданның еріктілері. Себебі, вакцинациядан өте отырып, біз тек өзімізді ғана емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да қоронавирустан қорғап, ұжымдық иммунитет қалыптастырамыз.

 

 

Еріктілердің айтуынша, алдағы уақытта да қоғамдық жерлерде ақпараттық буклет тарату жалғасатын болады. Бұл шараға кез келген аудан тұрғыны волонтер ретінде ат салыса алады.

 

.