Ақтөбеде бірнеше кәсіпорынға «Халал» сертификаты тапсырылды

Ақтөбеде «Рамазан» ЖШС (сертификат кәсіпорынның ұн, жұмыртқа және кондитерлік өнімдеріне берілді), «KishMish» кафесі және «Наше дело» ЖШС кәсіпорындарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінің «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификат берілді.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған кәсіпорындар тиісті тексерулерден өтіп, «Халал» сертификатына лайық деп танылған. «Халал» сертификаттары кәсіпорындар өкілдеріне облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде табысталды.