«Baqytty Bala — 2021» байқауының қатысушылары – жеті елден келген жас дарындар.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Baqytty Bala» үшінші балалар вокалдық байқауының қазылар алқасымен және құрметті қонақтарымен кездесті. Олардың қатарында Болгария, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері — Николай Текелиев, Сильвия Андрианалариманга, Марат Айтимов, Светлана мен Қанат Айтбаевтар, Клара Төленбаева, Рухия Байдүкенова және т.б. бар.
«Сіздерді Ақтөбе жерінде көргеніме қуаныштымын. «Baqytty Bala» байқауы әдемі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, шектеулерге, қабаттасқан пандемияға байланысты былтыр байқау өткен жоқ. Алайда, биыл көпшілік пен мәдениет саласындағы шығармашылық қайраткерлерінің сұрауымен шараны ұйымдастырамыз деп шештік»,- деді облыс әкімі.
Әңгімелесу кезінде қатысушылар мен қазылар алқасы байаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Бәрі өте түсінікті, әдемі және ұқыпты ұйымдастырылған. Облыс әкімдігінің бұл шараға белсенді әрі тікелей қатысып отырғанына таңғалып отырмын, сол үшін сізге бөлек алғыс айтамын. Өйткені, Болгарияда мемлекеттік органдар мәдени шараларды ұйымдастыруға көп қатыса бермейді»,- дейді қазылар алқасының мүшесі, эстетика докторы Николай Текелиев.

 

Қазылар алқасы қатысушылардың да деңейлері жоғары екенін мойындады.
«Алдын ала іріктеу сапалы өткендіктен негізгі байқауға өте дарынды балалар жіберілген. Олар орындау шеберлігі жағынан ересектерден қалыспайды. Төрелік ету қиын болады-ау»,- деді Өзбекстан өкілі, әнші Сильвия Андрианалариманга.
«Baqytty Bala» эстрадалық әндер байқауы алғаш рет 2018 жылы өтті. Осы жылы негізгі байқаудан Греция, Болгария, Әзірбайжан, Украина, Ресей, Польша және Қазақстаннның түрлі өңірінен келген 10-16 жас аралығындағы дарынды жастар өтті. Олардың бәрі де 200 үміткер қатысқан дистанциялық іріктеуден өткен. Бірінші байқау күні 9 тамызда өтсе, ән байқауының соңы 11 тамызда Өнер орталығында өтетін болады. Шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылған.