ЛУГОВОЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРУДА
Елімізде ең көп көтерілетін мәселелердің бірі – көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізу болатын. Биыл Т.Рысқұлов ауданына қарасты Луговой ауылының осы мәселесін шешуге мүмкіндік туып отыр.
Ағымдағы жылы Луговой ауылындағы жалпы 46 көшенің 13 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Нәтижесінде аталған ауылдың ішкі көшелерінің жағдайы жақсара түседі деп күтілуде.
Бүгінгі таңда бұл мәселе «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы өз шешімін тауып отыр. Көшелердің ені талапқа сай кеңейтіліп, электр бағаналары жол бойымен түзу орналастырылатын болады. Ең бастысы бұрыннан жол жабыны салынбаған көшенің негізгі қабаты күшейтіліп, асфальт төселді. Жаңа жол жақын арада ел игілігіне берілетін болады.
Аталған жөндеу жұмыстарының басына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов сейсенбі күні арнайы барып, Қарасу көшесінде жүріп жатқан құрылыс барысымен танысып, зер салды.
Аталған жұмысты «B-grass» ЖШС жүргізуде.
Нәтижесінде, аталған көше бойының сәні кіріп, жауын-шашын кезінде көліктер мен тұрғындардың жүруіне қолайсыздық тудыратын келеңсіздіктер арылады.