Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған қоғам қайраткері, Халықаралық «Атом» жобасының Құрметті елшісі, суретші Күйіков Кәріпбек Телтайұлының сурет көрмесі өтті

Достық үйінде Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім КММ ұйымдастыруымен Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған қоғам қайраткері, Халықаралық «Атом» жобасының Құрметті елшісі, суретші Күйіков Кәріпбек Телтайұлының сурет көрмесі өтеді. Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков Қазақстандағы антиядролық ұстанымын насихаттап, бүкіл әлемге ерекше талантымен танылған тұлға. Ол Қарағанды облысындағы Семей ядролық полигонынан зардап шеккен Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Сол себепті қолы жоқ боп туған. Оның сурет салуы да өзгеше.

 

Өз туындыларын қылқаламды тісімен тістеп, кейде аяғының башпайлары арқылы бейнелейді. Бұған дейін Оның көрмелері Жапонияда, АҚШ, Германия, Түркия, Қытай және Қазақстанда ұйымдастырылды. Кәріпбектің көркем туындыларының басты тақырыбы ядролық қарудың адамзатқа келтірер қатерімен байланысты.
Көрме 25 тамыздан 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Эпидахуалға байланысты көрмені онлайн форматта, яғни, облыстық ҚХА әлеуметтік желілер https://www.facebook.com/profile.php?id=100009325052840 kha_karagandy парақшасында тамашалауға болады.

 

 

Жомарт Шаймұрат