БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жылдағы өткізілетін дәстүрлі тамыз кеңесінің ұстаздар қауымы үшін алар орны ерекше. Себебі кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалады.

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысуымен «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ» тақырыбында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі өтті.

 

 

Педагогикалық кеңеске аудандық мәслихат хатшысы Е.Абуталипов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Арыстанбеков, аудан әкімінің білім саласына жауапты орынбасары Ә.Терлікбаев,  аудандық білім бөлімінің басшысы М.Базарова және білім беру ұйымдарының директорлары мен ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

 

 

Сондай-ақ, конференциясында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры Нарегеева Агура Маарбановна «Мұғалімді дамыту — білім берудің стратегиялық ресурсы» атты баяндамасын оқып, 2020-2021 оқу жылында аудан педагогтары тарапынан атқарылған бірқатар нәтижелі жұмыстарымен таныстырды.

 

 

Барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілген білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз конференциясына аудандағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері онлайн форматта қатысты.

Жиында аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы аудандағы білім беру саласында атқарылған жұмыстарды жан-жақты талдап, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, қиындыққа қарамастан оқу жылын жақсы аяқтағаны үшін ұстаздар қауымына алғыс айтты.

Сонымен қатар, пленарлық мәжіліске қатысушылар тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Алдағы жаңа оқу жылында ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қол жеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтар «Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» облыс әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жаңа оқу жылында келешегі кемел елдің тәрбиелі де білімі терең шәкірттерін тәрбиелеу жолында ұстаздарға үлкен міндет артылып отыр.

Іс-шараға оффлайн және онлайн форматта 100-ден астам педагог, аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.