АСАРЛАТҚАН АҒАЙЫН

Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата Заңы Конституция күні мерекесіне орай облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасы «АСАР» жобасымен Сартаев Қуаттың үйі толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Бұл демеушілік шараға округке қарасты шаруашылық құрылымдарының төрағалары, округтерде шығып әр қиырда еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер, жаны жомарт ауыл азаматтары тағы басқа да азаматтар қатысты.

 

 

Өткен 2020 жылы округ тұрғыны күрді ұлтының өкілі, көп балалы, аз қамтылған отбасы Гасанов Исламға да округ тұрғындары тұрғын үй соғып берген.

Бүгінгі күні Гасанов Исламға отбасымен сол үйде тұрып жатыр.

 

 

Бұл да болса Мемлекетіміздегі ұлт саясаты «Ұлттар татулығының» бір көрінісі емес пе?!

Тұрғын үй иесі Сартаев Қуат демеушілік жасаған округ тұрғындары мен осы бастаманы көтерген облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлына, құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы округ әкімдігіне шексіз ризашылығын білдірді.

 

 

Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы