Ақтөбе облысында ұлттық санақты өткізуге 1200-ден астам адам жұмылдырылады

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірде ұлттық халық санағын өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

 

Белгілі болғандай, ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн форматта мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында өткізіледі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың мәліметінше, 6 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың 12 мыңға жуық тұрғыны онлайн режимде санақтан өтті.
Сонымен қатар, 1 қазан мен 30 қазан аралығында онлайн-режимінде санақтан өтпеген азаматтар арасында санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі жаппай аралау жүргізіледі.

 

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ санақ қызметкерлерін толық жинақтау және вакцинациялау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Қазіргі уақытта аймақта нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жалғасуда. Ұлттық санақты өткізу бойынша жұмысқа барлығы 1200-ден астам адам жұмылдырылады.