Қарағанды облысының 8 мыңға жуық тұрғыны жалпықазақстандық диктантқа қатысты
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» жалпықазақстандық диктант өтті. Биыл оны Қарағанды облысының 7 872 тұрғыны жазды.
Оның ішінде 831 мемлекеттік қызметші, 3 020 азаматтық қызметші, 148 этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 22 қоғам қайраткері, 2 094 студент және 1 757 оқушы болды.
Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, қатысушылардың 80%-ы жоғары деңгейде диктант жазған.
Жалпықазақстандық диктант жыл сайын синхронды түрде бүкіл ел бойынша өткізіледі. Оның қорытындысы «Ұлы даланың ұлттық тілі» республикалық форумында жарияланады.
Жомарт Шаймұрат