Облыс басшысының жыл басындағы тапсырмаларына сәйкес, жол картасы бойынша қаламызда бірқатар жұмыстар атқарылуда

Бүгін Ақтөбе қаласын дамыту және абаттандыру бағытында жасалып жатқан жұмыс барысын бақылап, 20-дан астам БАҚ өкілдерімен көшпелі жұмыс кездесуін өткіздім.
Елдегі карантин жағдайына байланысты бүгінгідей ашық кездесулерді жиі өткізу мүмкін болмағанын білесіздер. Алайда, бүгін әр жұмыс аумағына жеке тоқталып, қала дамуына қатысты барлық сұрақтарға толыққанды жауап беруге тырыстық.

Айта кетсек, жоспарға сай 220 аула аумақтарын абаттандыру және 67 балалар алаңын орнату ісі жүйелі жүргізілуде. Алаңға арнайы барып, жұмыс нәтижесін бақылап қайттық.
Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған контейнерлер тұрған алаңды қарап, қала тазалығы мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Қаланың ескі бөлігіндегі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының қарқынымен де танысып келдік.

 

 

 

БАҚ өкілдерімен өзге де өзекті мәселелер төңірегінде ақпарат бөлісіп, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап бердік. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес, әр атқарған жұмысымызбен халықты ақпарат құралдары арқылы таныстырып, ел алдында есеп беруге әрдайым дайынбыз.

 

 

Алдағы уақытта да қала дамуына қатысты атқарылған жұмыстардың барысымен бөлісіп отырамыз. Шахарымыздың тілшілері мен белсенді блогерлеріне зор алғыс. Қаламыздың көркеюі жолында бірлесе қызмет етейік!