САРЫСУЛЫҚ ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАЛЫҚПАЙДЫ
Ауданымызда волонтерлер қозғалысы екпін алып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен, ауданда жалғыз ілікті қарттар мен мүгедектерге көмектесемін деуші жастардың қатары артқан.
Бұл жолы жас волонтерлер жалғызбасты анаға қол ұшын берді.
Нақтырақ айтсақ, Жайылма ауылдық округінде «Біз біргеміз» акциясы аясында ерікті жастармен бірігіп ауыл тұрғыны жалғыз басты ананың қой қорасын тазалап, қойларының жүнін қырқып, шөптерін жинастырылып көмек берілді.
Жастардың бұл игі ісіне көңілі босаған ана, өзінің алғысын білдірді.
Сарысу ауданы