Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Қасымтану» зерттеу орталығының көрмесі өтті

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Қасымтану» зерттеу орталығының «Ей, тәкәппар дүние! Маған да бір қарашы» атты көрмесі ашылды.

Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған.

 

 

Жиын басында сөз алған қарашаңырақтың басшысы Нұрлан Орынбасарұлы ақын жайлы тұщымды ойлар айтты. Ғылыми ктіапхана директоры Гаухар Әбдіғұлова көрмеге қойылған кітаптар мен суреттер жайлы мағлұмат беріп өтті. Қарағанды университетінің профессоры, «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жансая Жарылғапов көрмеде сөз алып, Қасымға және ақынның 110 жылдық мерейтойында атқарылған ізгі жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

 

 

Аталған іс-шарада «Қасымтану» зерттеу орталығының бір топ зерттеушілердің еңбегі нәтижесінде жинақталған Қасым ақынның көпшілік біле бермейтін кітаптары, басқа құнды деректер көрмеге қойылды.

 

 

Тағы бір айта кететін жайт Университет басшыларының қолдауымен оқу орнында «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлері ақпан айында Алматы, Орал қалаларына экспедицияға барып, ақынның жарияланған, жарияланбаған суреттерін жинақтады. Және қызы Дариғадан 25 беттей қалың дәптерге жазылған қолжазбасын әкелді.  Бұл жазбалар ешқай жерде жарияламаған, тек қана өзі үшін жазған, өзінің ішіндегі көңіл-күйі үшін жазған шығармалары екен. Оны бүгін университет басшылығы басып шығарып, сүйінші номерін көрсетті. Алда кітаптың тұсаукесері де болады.

 

 

Іс-шара жалғасы Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған облыстық жас ақындар айтысына ұласты.

 

Жомарт Шаймұрат