ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР
Шымкент қаласында туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі туристік қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдауларды арттыру болып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2025» несиелендіру бағдарламасы кәсібін бастаушы немесе дамытушы компаниялар үшін өте тиімді.
КЕПІЛДЕНДІРУ ТАЛАПТАРЫ:
— Бастауыш кәсіпкерлер үшін жобаның сомасы – 360 млн.тг. Кепілдік – 85%-ға дейін
— Іс-әрекеттегі кәсіпкерлер үшін жобаның сомасы – 1 млрд. тг. Кепілдік 50%-ға дейін
— Айналым қаражатын толтыру үшін несие сомасы – 500 млн. тг. (Сауда қызметі саласында 100 млн. тг. дейін)
— Жобалардың нысаналы мақсаты– инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру мақсатында болуы қажет
— Несие бойынша қайта қаржыландыру қарастырылмаған
— Бағдарламаға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады
КЕПІЛДЕНДІРУ ҮШІН:
1) Кәсіпкер банкке несие рәсімдеуге жүгінеді. Банк жобаны мақұлдаған жағдайда «Даму» қорына кепілдік алуға өтінім жолдайды
2) Кәсіпкер «Даму» қорына несиеге кепілдік алу бойынша өтініммен барады
3) «Даму» қоры кепілдікті ұсыну мүмкіндігі бар болған жағдайда кәсіпкерге жауап хат жолдайды
4) Кәсіпкер несиені кепілдендіру бойынша банкке жүгінеді
5) Банк несие ұсыну бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда «Даму» Қорына несиелік келісім-шартты жолдайды
6) «Даму» Қоры АҚ кәсіпкер және банк арасында кепілдендіруді ұсыну бойынша үш жақты келісім-шарт түзіледі
Қосымша ақпарат алу үшін:
“Shymkent invest” бизнеске арналған Үкімет фронт-офисі: 39-11-77;
«Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығы: 87011021717, 87021091717
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі