Қарағанды қаласында «Qasym Kitaphanasy» құрылтайы өтті

Қарағанды қаласында «Qasym Kitaphanasy» құрылтайы өтті. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ұлытаудан келген аудармашы, теруші, корректор, беттеуші, маркетинг бөлімі, сайт, атқарушы директорлар «Нәтиже» сүт фабрикасында жиналып, болашаққа жоспар құрдық. Екі күндік жиынның алғашқы күні жемісті өтті. Екінші күні арнайы атқа міну, садақ ату сынды ұлттық құндылықтарға тол  болды.

 

 

Ел руханиятына үлес қосып жатқан «Нәтиже» ЖШС директоры Ерлан Әшімнің демеушілігімен «Qasym кitaphanasy» жобасын атап өтуге болады.  Жоба ашлығаннан бері  өз қаражаттарына немесе демеушілерді тартып әлемнің әйгілі классиктерінің бестселлер кітаптарын қазақ тіліне аударуда. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын аясында «Qasym кitaphanasy» ұжымы  бүгінгі күнге дейін 43 кітап шығарды.

 

 

Қайырымды істер аясында «Qasym кitaphanasy» ұжымы шығарған кітаптары арнайы білім ошақтарына тегін таратылуда.

Бұндай игілікті іс-шараға жұртшылық тарапынан қызығушылық танытуда және  ел руханиятына үлес қосып жатқан азаматтарға ризашылығын білдіруде.