Қарияларға құрмет

Бүгін Сарысу ауданында 15-тен аса ардагер қариялар Түркістан қаласының тарихи орындарын аралауға аттанды.

 

 

Қазыналы қарттарды таңертең аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев шығарып салды.
«Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктері, болашаққа тыныш та, еркін және қауіпсіз өмір сыйлаған ардагерлердің ерен еңбегімен, қажырлы жігерінің арқасы екені анық.
1-қазан халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада аудан әкімі тәрбиелік мәні зор мұндай бастама келесі жылы да жалғасын табатынын жеткізді.

 

 

Сөз барысында аудандық ардагерлер тарихымызда ел басқарған хандардың өзі үлкен істі бастар алдында абыз қариялардың ақ батасын алып, оларға құрмет көрсетуден бастағанын айта келе, ұрпақ тәрбиесіне тағылымы мол осындай шараларды ұйымдастырған аудан әкіміне шынайы алғысын білдірді.

 

 

Мұнан соң аудан өнерпаздары домбыра, баян, гитараның үнімен ардагерлердің көңіл-күйін көтеріп, ұлттық әндерді әуелете шырқады.
Ұйымдастырушылардың ықыласы мен шынайы сый-құрметіне көңілдері марқайған қариялар бала көңілмен саяхатқа аттанды.

 

Қарттарымызды Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихымен аудандық кітапхана қызметкерлері Раушан Тәжиева мен Меруерт Серікбаева таныстырып отырды.
Ақсақалдарымыз ата-бабаларымызға арнап, кесенеде жатқан 21 қазақтың хандарының әруақтарына құран бағыштады.
Саяхат жаңа Түркістанның әсем жерлерін кітапхана директоры Айтбала Жолмаханова таныстырып, түрленген түркі тілдес елдердің рухани астанасын аралаумен жалғасын тапты.
Одан әрі қарттарымыз арнайы дайындалған түскі асқа жайылған “Диана” атты асхананың дастарханынан дәм татты.

 

Мәдениет қызметкерлері көңілді ән-шашуымен ән арнап,қарттардың көңілін көтерді.
Қарттарымыз К. Оспанов, С.Қырғызбаев, Ж.Шадиев, Жарылқасын Қыдырбеков, С .Қабылбеков, Абдықадіров Маман алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Сарысу ауданы