«ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР»

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!
Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, сый-құрмет көрсетіледі. Өйткені үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Ұрпақтарыңызбен жасай беріңіздер, жасара беріңіздер! Біз Сіздермен мақтанамыз! Мерекелеріңіз құтты болсын, тағы да !

 

Халықаралық “Qazaqstan dauiri”  газеті,

“Мөлдір бұлақ” журналы, ЕлАна сайтының ұжымдары