Қарашаңырақтың қарақазаны
Қазан — киелі ұғым. Қазан көтеру – үй болу. Үй болу – ұрпақ сүю. Ұрпақ сүю – сансыз рахмани жауапкершілікті мойныңа алып, адал да тынымсыз еңбек ету, тыныштық пен бейбітшілікті, бірлік-берекені көксеу және және сақтау, іздену мен шыңдалу. Күндіз-түні ақыл мен парасатқа, білім мен білікке жүгіну. Ащы шындық, тәтті үміт пен өмір сүру.
Қарақазанға халалдан ас түсіп, — қара баланың қарнына барам дегенше: ата-ана қаншама ой-қиял мен ой сүзгісінен өтеді (т.с.с). Жеке отаудың қарақазаны осыншама мән мен мағынаға ие болғанда, ұлттық салт-дәстүр, дәстүрлі халықтық қағидалар деңгейіндегі – қарашаңырақтың қарақазының мәні мен маңызын,ғ алар орынын, киесі мен қадір қасиетін ақылға салып шамалай беріңіз. Қазақта: «Қазанды теппе», «Қазанды төңкерме», «Қазаныңды берме», «Қазанға түкірме, «Қазан үстінде қарғама», «Қазаны бөлектің – қайғысы бөлек», т.с.с. көптеген ырым-жоралғылар ескертулер жәнетаным-түсініктер бар. Сонымен қоса : «Бір күн дәмге – қырық жыл сәлем», «Бір қазаннан дәм татқан – бір туғаннан несі кім», «Қазаны біргекнің – амалы бірге», т.с.с. татулық пен бірлікке, береке-құт, тоқшылыққа, жасампаздық пен жан тазалығына үндейтін ұлттық пәлсапалар жетіп артылады.
Қазақтың Қарашаңырағы – Маңғыстау. ЕЛДІҢ ҚАРАҚАЗАНЫ да сол бірлік пен берекенің, құт пен құлпырған жасампаздықтың рухани және заттық бейнесі мен тұғыры. ҚАЗАН ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЯССАУИ МАЗАРЫНДА ДА БАР. Бірақ, Отпан таудағы қарашаңырақтың қарақазаны: ұлттық, тектік рухани мұрамыз. «Амал» мерекесінің 13-і мен 14-інде Отпан тауға жиналып, Қазақтың Үш жүзінен шақырылған ақсақалдары мен азаматтары сол ортақ қарашаңырақтың ҚАРАҚАЗАНЫНАН дәм татса, жылма-жыл жаңғыртыпаүрдіске айналдырса, ұлтымызға ұлағатты бірлік, құт пен бақ, береке мен ырыс келеді. ҚАРАҚАЗАННАН дәм тату және оны салтанатты түрде дәріптеу, тәлім-тәрбиелік мәнін арттыру амалдарының ережелері жасалынатын болады.
Сабыр Адай
«Қарапайым қағидалар» кітабынан