Сарысу ауданындағы 25 елді мекеннің 4-еуі газдандырылған
Қазіргі таңда 2-нысанның құрылысы жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим—Қаратау» ЖШС—ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы», жобаны аяқтау үшін қажетті қаражат 2021 жылға жоспарлы түрде бөлініп отыр.
Қалған сома 2022-2023 жылдарға қарастырылған.
Сонымен қатар, аудандағы 14 елді мекенге жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы басталды.
Аталған жобалар іске асқанда, Сарысу ауданының 14 елді мекендегі 40 мыңға жуық адам, Жаңатас қаласындағы 23 мың адам табиғи газбен қамтылады.
Ауданның газбен қамтылуының адам санына шаққандағы үлесі 97 пайызға дейін жетеді.
2020 жылға аудан тарапынан қаржы қарастырылып, Шағалалы ауылын газбен қамтамасыз ету жобалық—сметалық құжаттамасы сараптамадан өтуде.