КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Дені саудың — жаны сау. Салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану кез келген адам үшін маңызды. Бүгінгі таңда дені сау ұлттың – болашағы зор екені баршамызға аян. Сондықтан елімізде Президентіміздің бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта қазан айының 8-і күні Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кіші футболдан аудан біріншілігі өз жалауын көтерді.

 

 

Т.Рысқұлов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін бұл кіші футболдан чемпионатқа 14 команда қатысуда. Қараша айының аяғына дейін жалғасатын бұл ойын  жанкүйерлерге тартысты да қызықты ойын сыйлай алатын алаңға айналғаны көңіл қуантады.

Бұл турнирдің басты мақсаты – аудан тұрғындарын, оның ішінде аудан жастарын спортқа баулу, уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Елбасымыздың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аталып көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру арқылы туған елді түлету ісі бүгінгі жарысқа серпін берген идея. Осы тың серпін арқылы ауданымызда бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет.

 

 

Чемпионаттың ашылу салтанатына ауданы әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ел спортының жанданыуына үлес қосып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Спорт салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, спортшылар арасындағы бірлікті нығайтады. Сондықтан, бұл сайысты алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

 

 

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы