Қарттарымыз қамқорлықта

 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен белгіленіп жыл сайын аталып өткізілетін 1 – қазан Халықаралық «Қарттар күніне» және қазан айының екінші аптасы «Мүгедектер күніне» орай, Сіз басқарып отырған ауыл, ауылдық округінде тұратын жалғызілікті қарттар ескерусіз қалмауын ұйымдастыра отырып, жекеленген шаруа қожалықтарының басшыларын, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды, мекеме қызметкерлерін демеушілік көрсетуге ұйымдастыру. Тұрғылықты жерлері бойынша мектептердегі «Жас Отан», «Мирас» топтары арқылы жалғызілікті қарттардың ауласын тазалау, күл-қоқысын шығару, талдарын бұтауға көмектесу

               1 — қазан «Халықаралық қарттар» күні мерекесіне орай  аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінде, жалғызілікті қарттар мен тыл ардагерлеріне концерт қойылымы ұйымдастырылып, сыйлықтар және  азық-түлік пакеттері, марапаттау қағаздары табысталды.

 

 

Байзақ ауданы бойынша ауылдық округ әкімдігінің ықпалымен 135 жалғызілікті қарттарға демеушілер тарапынан жалпы соммасы 747 500 теңгені құрайтын  азық-түлік қорабы  мен ақшалай сыйақы ретінде көмек көрсетілсе, 20 қариялар мен тыл ардагерлері  алғыс хатпен марапатталды.  Жалғызілікті қарттардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектептердегі  «Жас Отан» мен  «Мирас» топтары аулаларын тазалап, күл-қоқысын шығарып, талдарын бұтау жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Айымбекованың ұйымдастыруымен   мемлекеттік емес ұйымда үйде арнаулы  әлеуметтік қызмет   көрсетілетін жалғызбасты сегіз қартқа 5(бес) мың теңгеге азық-түлік салынған пакеттер табыс етілді.

«Самұрық қазына» банк өкілдерінің ұйымдастыруымен 40 тыл еңбеккерлеріне   200 мың теңгеге азық-түлік таратылса, соммасы 200.0 мың теңгені 13 қарт  кісіге қан өлшегіш, бритва, радио  200.0 мың  теңгеге табыс етілді.