Мүгедектеріміз қамқорлықта
1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен белгіленіп дәстүрлі түрде аталып өткізілетін қазан айының екінші аптасы «Мүгедектер күніне» мекемелер, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының демеушілігімен аудан бойынша мүгедек азаматтарға азық-түлік түрінде, сыйлықтар және теңгелей қайырымдылық көмектер көрсетілді. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, олардың жанұяларына сегіз түрлі қызмет түрімен қамтып, қажетті көмектері мен кеңестер беру, құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару. Мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау, қолдау көрсетуде олардың қолжетімді ортасын қалыптастырудың маңызы зор. «Мүгедектер күні» мерекесіне орай ауылдық округ аумағында тұратын каратиндік талаптар сақтала отырып мүгедектер шақырылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Байзақ ауданы бойынша ауылдық округ әкімдігінің ықпалымен 79 мүгедектерге демеушілер тарапынан жалпы соммасы 547.000 теңгені құрайтын азық-түлік қорабы мен ақшалай сыйақы ретінде көмек көрсетілді.