«Қасымтану» зерттеу орталығының көрмесі Қарқаралыда

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қасымтану» зерттеу орталығының көрмесі Қарқаралы аудандық мәдениет үйінде өтті.

Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналды.

 

 

Іс-шара барысында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Комерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректорының кеңесшісі, Мирас Құттыбай, аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Комерциялық емес акционерлік қоғамының «Қасымтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғап ақын жайлы мол мағұлматтар беріп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Бұдан кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ғылыми кітапханасының директоры Гаухар Әбдіғұлова көрмеге қойылған кітаптар мен суреттер жөнінде кеңінен таныстырды.

 

 

Аталған іс-шарада «Қасымтану» зерттеу орталығының бір топ зерттеушілерінің еңбегі нәтижесінде жинақталған Қасым ақынның көпшілік біле бермейтін кітаптары, басқа да құнды деректері көрмеге қойылды.

«Қасымтану» көрмесі Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Шет, Бұқар жырау өңірлерінде өтті.

 

 

Іс-шара аясында жиналғандарға ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған деректі фильм көрсетілді.