«АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ  ҮРДІС»

Қарағандыда  қазақ поэзиясының көрнекті  өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110  жылдығына арналған «АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ  ҮРДІС» тақырыбында  республикалық онлайн  ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Қарағанды  облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды жоғары гуманитарлык колледжінде қазақ поэзиясының көрнекті  өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110  жылдығына арналған «АЛАШТЫҢ ДАУЫЛПАЗ АҚЫНЫ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ  ҮРДІС» тақырыбында  облыстық  онлайн  ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

 

Конференцияның мақсаты: қазақ  әдебиетінің даму тарихына айтарлықтай үлес қосып, өзіндік  қолтаңбасын қалдырған XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловтың  өмірі  мен  шығармашылығын жан-жақты таным таразысына салып зерделеу, зерттеу. Өскелең  ұрпақты ақынның    асыл  мұралары  арқылы  ұлттық  рухта  тәрбиелеуге  үлес қосу.

Конференция жұмысы екі секциялық бағыт бойынша жүргізілді.

 

 

Бірінші бағыт: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (ақынның өмірі мен шығармашылығы, азаматтық, қайраткерлік бейнесі, поэзиядағы жаңашылдығы туралы); Екінші бағыт: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» (ақын шығармаларын қамти отырып, ақынның қаламгерлік, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашылық қырлары жөнінде).

Ғылыми-практикалық конференцияға  100-ден аса жұмыс пен өтінім келіп түсті, оның ішінде колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері  – 17, колледж студенттері мен мектеп оқушылары  – 83. Сонымен қатар конференцияға  республикамыздың   басқа да өңірлерінен – Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Орал, Қызылорда қалалары мен  елді мекендерінен де  –  мақалалар  келіп  түсті.

 

 

Конференция жұмысының пленарлық бөліміне  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директоры Абдикерова Бакитгул Химальдиновна; «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Амиров Есжан Сарманкулович; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұлғатану»  ғылыми  зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жарылғап Жансая Жаңғазыұлы; С.Сейфуллин  атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,  «Рахымжанның Қасымы» поэтикалық-музыкалық драмасының сценаристі Кеңес Жұмабек Наримбаевич; айтыскер, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесінің басшысы Жұмағұлов Айтбай Ботбайұлы; республикалық «Қасым» әдеби-қоғамды журналының Бас редакторы Серік Сағынтай; Қасым Аманжолов ауылдық округі, Талды ауылының жалпы білім беретін №19 тірек мектебінің директоры Оспанкулов Мақсат Зейнелович; Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы қатысты.

 

 

                                                                                                                   Жомарт Шаймұрат