Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түпқарағандық ұстаздар мектепке тарту жасады

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында орналасқан Есбол Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстаздары Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім ордасына тарту жасады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Есбол Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 53 педагог қызмет етеді. Олар мектеп ішіндегі қабырғаларға сурет салды.

 

 

«3 қабатты мектептің қабырғаларындағы суреттер кез-келген тақырыпта таңдала қойған жоқ. Мұнда оқушыларды білімге ынталандыратын Алаш арыстарының қанатты сөздері, Елбасының жастарға сенім білдірген ұранды сөздері бар. Сондай-ақ, ақпараттық суреттер, бастауыш сынып оқушыларына арналған жол белгілері және әр сыныпқа сай суреттер салынды. Бұл – ұстаздардың бастамасы. Жобаға жас мамандардан бастап барлық ұжым атсалысты»,- деді мектеп директоры Айна Берішбаева.

 

 

Қазір бұл идея кең етек алды. Енді Түпқараған ауданындағы өзге де мектептерде аталған жоба жалғасын тауып жатыр.