САРЫСУДА ТАҒЫ ДА АСАРЛАТҚАН ҮЙ БЕРІЛДІ

Бүгін Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен Сарысу ауданында да “Асарлатып үй салу” 2020 жылдан бастап қолға алынған жоба, биыл да өз жалғасын табуда.

 

 

2021 жылға аталған жоба аясында ауданымызда Жаңатас қаласы және 8 елді-мекендерде ақсақалдар, кәсіпкерлер мен ерікті жастардың қолдауымен көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үйдің кілттері табысталуда.

 

 

Соның бірі, бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың қатысуымен Жайылма ауылында тұрғын үйдің кілтін табысталды.

 

 

Осындай игі істі абыроймен атқарып, ат салысқан барлық жергілікті жомарт жандар мен іскер азаматтарға аудан басшысы алғыс білдірді.

Жалпы, Жайылма ауылдық округі бойынша 2020 жылы (толық емес) бір отбасыға 7 бөлмелі үйдің кілті тапсырылды.

 

 

Сонымен қатар 2 (екінші) баспананы бүгін әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы, асыраушысынан айырылған Баймағамбетова Майя есімді азаматшаның отбасына беріп, игі іс көрініс тапты.

 

 

Бұл үй Жайылма ауылы Қ.Байзақов көшесі №24 ші үй, 4 бөлмелі үйдіі кілтін қолға алған, ана көзіне қуаныштан жас алып, барша атсалысқан жандарға ризашылығын жеткізді.

 

 

 

Сарысу ауданы әкімдігі баспасөз қызметі