САРЫСУҒА ЕЛ АНАСЫ СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Өңірімізге ел анасы, халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің Бас редакторы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында жұмыс сапарымен келді.

 

 

Ең әуелі аудан активімен кездескен Сәуле Мешітбайқызы ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

 

 

Сондай-ақ, ұлағатты ұстаз М. Әуезов және Ш. Уәлиханов атындағы мектеп гимназияларында болып, оқушылармен кездесу өткізді. Жиын барысында ел анасы әр баланың тұлғалық дамуына барынша қолдау көрсету қажеттігін алға тартып, жергілікті білім бөлімі мамандарымен бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

 

 

Осы ретте Сәуле Мешітбайқызы өзі жетекшілік ететін «Мөлдір бұлақ» республикалық журналына жас балғындардың қанатқақты шығармаларын жариялауға мейлінше көмек беретіндігін де айтты.

 

 

Айта кетейік, республикалық маңызы бар экспедиция «QAZAQSTAN DAUIRI» газеті мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Nur Otan» партиясының бірлескен жобасы.