Тоғызкенттіктер өз таңдауын жасады

 

28 қараша күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылдық округі әкімі болып «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Күзембаев Медет Әбдікәрімұлы тағайындалды. Сайлауда айқын басымдықпен (96,99% пайыз) жеңіске жеткен кандидатты бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы барып, ауыл тұрғындарымен таныстырды.

Аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы жаңадан сайланған ауылдық округ әкіміне тиісті қызметтік міндеттемелерін толықтай орындап, ел игілігіне, ауылдың көркеюіне өлшеусіз үлес қосатынына үлкен сенім білдіретінін жеткізді. Аудандық мәслихат хатшысы Асанбай Сейналиев те жаңа әкімді қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Ауыл ақсақалдары да Медет Әбдікәрімұлына бүтін бір ауыл болып бірауыздан дауыс бергендіктерін айта келіп, ақжарма тілектерге толы ақ батасын берді.

 

 

Күзембаев Медет Әбдікерімұлы

1979 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Тоғызкент ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2001 жылы Алматы технологиялық университетін астық, ұн, жарма және құрама жем технологиясы мамандығы бойынша бітіріп, инженер-технолог дәрежесі берілген.

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі