ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді.

 

Осы орайда, бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың төрағалығымен және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.

 

 

«Біздің басты мақсатымыз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін жан-жақты, дамыған әлемдік деңгейдегі елге айналдыру, тұрғындардың, жастардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған экономиканы дамыту және тиімді жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады. Бұл мақсаттар мен міндеттер еліміздегі жастардың әрқайсысына ортақ, сондықтан сіздерді еліміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосады деп сенемін! Қазақстанның табысты болашағы үшін жауап беретін еліміздің ертеңі – бұл жастар», — деп аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз сенімін білдірді.

Жиынға кеңес мүшелері толық құрамда қатысты. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі инспекторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста ауданда жастар саясатының жүзеге асырылу, жастардың жұмыспен қамтылуы жайында сөз қозғалды.

Басқосудың күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Әбіләшім       Мырқасымов «Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу  барысы туралы» айтып берді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айхан Назарбеков  «Жастардың жұмыспен қамтылуы және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы» баяндама жасаса,  Қорағаты ауылдық округінің бас маманы Жұмабек Қондыбай «Қорағаты ауылдық округі бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» сөз қозғады.

 

 

 

Жиын барысында Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы баяндама жасап, еліміздің дамуында жастардың алатын орны өте ерекше екенін, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадамдар туралы айтып өтті.

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы