Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АСАРЛАТЫП САЛЫНҒАН ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен бүгін Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында Ел Тәуелсіздігіні 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған баспананың кілті табыс етілді.
Аталмыш шараға аудан әкімнің орынбасары Әлібек Терлікбаев, Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Төлеген Атабаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа тұрғын үй жалғызбасты ана – Абжалова Съездкульдің отбасын қуанышқа бөледі.
Тұруға жарамсыз, ескі үйі бұзылып, орнына жаңа тұрғызылған 4 бөлмелі жаңа үйдің кілтін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы салтанатты түрде табыстап, ауыл тұрғындарына осы шараға атсалысқанына алғысын білдірді.
Айта кететіні, Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылдың аталмыш жоба аясында, 14 үйді жоспарланып, бүгінде бес тұрғын үйдің кілті табыс етілген.
Осындай игі іс Т.Рысқұлов ауданы бойынша алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы