Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «ЕЛБАСЫНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті
Теміртауда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында салтанатты іс-шара өтті. Оған Елбасының үзеңгілестері мен облыс өңірлерінен Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты.
Салтанатты іс-шараны облыс әкімі Ж.Қасымбек құттықтау сөзімен ашып берді.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қорытындылай келе, біздің еліміз Тұңғыш Президенттің басшылығымен жаһандық тарих үшін осындай қысқа мерзім ішінде қандай экономикалық, саяси және мәдени серпіліс жасағанын көріп отырсыздар, – деп атап өтті облыс әкімі кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде. – Құрылған қолайлы инвестициялық ахуалдың арқасында облыс картасында прогрессивті технологияларды қолдана отырып, 100-ге жуық ірі жаңа кәсіпорындар пайда болды және олардың саны жыл сайын өсіп келеді. Шикізат өңірінен біз дамыған кәсіпкерлік кластерге өстік. Бүгінде облыстың әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнеске тартылған.
Сонымен қатар іс-шара барысында Елбасының үзеңгілестеріне өз алғысын білдірді.
Өз кезегінде ардагерлер тұңғыш Президенттің жастық шағы және Мемлекет басшысының Теміртауға сапарлары туралы естеліктерімен бөлісті.
Тұңғыш Президентке еліктей отырып, осы батыл мамандықты таңдаған металлургтер В. Лысак және А. Мустафиндер өз мамандықтарын айта отырып, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.
30 жыл ішінде дәрігерлердің, мұғалімдердің, музыканттардың, спортшылардың, жұмысшылардың, өнеркәсіпшілердің бүкіл буыны өсті.
Іс-шара барысында облыстық «Saryarqa» телеарнасының редакторы Жанбота Елубаев өз сөзінде:
— Егемендіктің жарқын көрінісі ретінде елімізде ой еркіндігі мен ашықтықтың аксиомасы салтанат құрды. Осы орайда ойыма ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөзі оралып отыр. «Журналистер санаға сақ, халыққа жақ болсын» деп айтқан болатын. Ойға серпіліс беретін, санаға сәуле ұялататын осы тәмсіл талай тілшінің өмірлік темірқазығына айналды деді.
Ал, Баянбек Аспандияров — облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі:
— Пандемия кезінде бірінші соққыны біз алдық. Тәуекелдерге бара отырып, біз алдымен онымен қалай күресуге болатының білмедік. Бірақ медицина қызметкерлерінің тығыз жұмысы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды. Қиын кезеңде медицина қызметкерлері үшін және бүкіл ел үшін бізді барынша қолдағаны үшін мемлекетімізге алғыс айтқым келеді деді.
Кездесуде Шет ауданының тумасы, Қарағанды қаласының теміржол колледжінің қызметкері Толғанай Айтболатқызы:
— Елбасының үзеңгілестері мен Тәуелсіздік құрдастарын игі мерекемен құттықтай отырып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жырынан шашу шашты.
Сонымен қатар, Республикалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының жастар ұйымының белсендісі, «Дакия» румын этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы, Медицина университетінің комплаенс-офицері А. Урмашов, Бұқар-жырау ауданының мәдени ұйымдастырушысы В. Жауров және т.б өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында Елбасының сүйікті өлеңдері орындалып, жас теміртаулықтар би билеп, өздері қолдан жасаған сыйлықтарын ардагерлерге ұсынды
Жомарт Шаймұрат