Ізденген істің игілігі мол

Энергетиканы «экономиканың локомотиві» деп атайды. Бұл салада арнаулы кәсіби білімі бар, білікті мамандар жұмыс жасайды.  Астанада дайындығы жүріп жатқан «ЭКСПО–2017» Халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткелі отырғаны да саланың маңыздылығын айғақтай түседі.

                     ҰСТАЗДАН ШӘКІРТ ОЗҒАН

Атырау облысындағы электрлік монтаждау жұмыстарымен айналысатын компаниялар арасында «Авалон Групп плюс» ЖШС-гі жас ұжым саналады. Негізгі атқаратын қызметі: тапсырыстарды жеткізу, монтаждау, %d2%b1%d0%b6%d1%8b%d0%bc-%d0%b4%d0%b8%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%be%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%ba%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2пайдалануға қосу және электр желісі мен электр құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету. Ұжым басшысы Медет Мерекеұлы  Серікбаев  Қызылқоға ауданының тумасы. Әкесі Мереке Мұхиденұлы аудандық спорт комитетін басқарған азамат дүниеден ерте өтіп, анасы Балғайша балаларымен 1994 жылы Атырауға қоныс аударғанда ұлы Медет алтынышы сыныпта оқитын. Медет қаладағы № 13 ұлттық гимназияны 2000 жылы бітіріп, Атырау Мұнай және газ институтына оқуға түседі. Сыртай білім алуды жөн санаған ол «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты «СәулетҚұрылыс» серіктестігіне жұмысшы болып орналасып, басшы орынбасары Нұржан Нысанбаев сияқты ағаларының тәрбиесін көреді. Бірер жылдан соң «Атырау -Жарық» мекемесіне бірінші разрядты электр жөндеуші болып жұмысқа орналасады. Осындағы алты жылда  біліктілігі V разрядқа дейін көтеріліп, оқуын аяқтап, жоғары білімді инженер-электрші атанады. 2008 жылы ол жұмыстан шығып, еңбек арнасын өзгертуді ойлайды. «Атырау-Жарықта» еңбек еткен жылдарында сол кездегі басшысы А.Н. Плотниковтен зор еңбек тәлімін алуы оны жаңаша ойлай білуге үйреткен болатын. Жақсы тәжірибеден өткен Медетке азырақ бұрын жұмысын ауыстырып кеткен тәлімгері Алексей Николевич жаңа кәсіп ашуды ұсынады.

              ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ – ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚ

Сондағы мақсаты – өз мамандығы бойынша қызмет көрсетудің  жаңа бағытын жүзеге асыру арқылы  жаңа компания құрып, жаңаша жұмыс істеуге талапты жас маман Медетті бағыттау болатын.

Энергетикада арнаулы кәсіби біліктілік аса маңызды. Мұнда қатардағы электр жөндеушіден бастап, басқарушы менеджерлерге дейін осы кәсіптің қыр-сырын жетік білуі шарт. 2012 жылы «Авалон Групп Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бар болғаны бес адам болып қызметтерін бастап кеткенде олардың бәрі де өз білімдеріне сенетін мықты мамандар санатынан болатын. Алғашында қарапайым істерді қолға алды. Құрылыстарды энергиямен жабдықтаудан бастап, көрсетілетін қызмет аясын жетілдіре түсті. «Атырау -Жарық» мекемесінің жұмыс бағытына қарай тапсырыстары  молайып, электр құрал-жабдықтарын жеткізіп, орнату, техникалық қызмет көрсету, жаңарту сияқты жұмыстар ауқымы артты. Сөйтіп қалада тұрақты тапсырысшылары көбейе түсті. Банктен қарыз алу арқылы серіктестіктің материалдық базасын нығайтып, көрші облыстардан да тапсырыс берушілер мен қызметтерін сатып алушылар табыла бастады. Олардың арасында KEGOC «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ қарасты «Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалдары,  «Атырау-Жарық» АҚ, «Саренс Групп» филиалы, «Лимб 2» ЖШС, NCOC, «Alageum Electric» АҚ, «West Dаlа» ЖШС, «ТСС» ООО (Ресей, Мәскеу), «Полимер Продакшн» ЖШС, «СК Евразия» АҚ cияқты көптеген ірі кәсіпорындар бар.

%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%ba%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7%d1%8b-%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d1%81%d0%b5%d0%b9-%d0%bf%d0%bb%d0%be%d1%82%d0%bd— Осындай мекемелердің тапсырыстары бойынша жаңадан ашылып жатқан өндірістік нысандар мен шаруашылықтардың, кешенді ғимараттардың тоғын тартып қуатын жеткіземіз,  — дейді «Авалон Групп Плюс» ЖШС директоры Медет Мерекеұлы.  Қазіргі кезде серіктестікте 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ұжым өздеріне сәнді кеңсе тұрғызып, қолайлы жаңа қонысқа көшті. Осы жерде шикізат материалдары сақталатын база да орналасқан. Медет Мерекеұлы балаң шағында, жұмысқа алғаш орналасқан кезде өзіне ұстаз болған Алексей Николаевич Плотниковтің өзін энергия қызметінің сан қырына үйретіп, шеберлікке баулығанын,  дұрыс жол көрсетіп, кеңес бергенін тебірене айтты. Қазіргі кезде өз қарамағында  техникалық директор қызметіндегі Алексей Николаевич облыстағы білікті, танымал энергетик. Ол компанияның жас мамандарының сүйікті тәлімгері.

         «Авалон Групп Плюс» ЖШС-нің кәсіби бағыты – тұтынушыға электр энергиясын тасымалдауға қатысты бүкіл жұмыстарды атқарып, одан әрі техникалық қызмет көрсету. Негізгі жұмыстарды өздеріне қарасты энергия нысандар арқылы, қосалқы стансалар арқылы жүзеге асырады. Күрделі жөндеу, электр құрылғыларымен жабдықтау, қайта жарақтау,  жаңарту  жұмыстарын қатар жүргізеді. Атырау облысында, Атырау мен Құлсары қалаларында құрылыс көп. Елді мекендерде кәсіпкерлер өз шаруашылықтарын ашып, өндірістік нысандар тұрғызуда. Осылардың бәріне энергия қуаты қажет. Сондықтанда серіктестік энергетикаға қажетті заманауи арнайы техникамен толығымен жарақтанып, тапсырыстарды орындауға қашанда сақадай сай.  Ең басты артықшылығы тапсырыстар жылдам әрі сапалы атқарылады. Себебі мұнда білікті де білімді кәсіби мамандар жұмыс істейді.

                          ЖОМАРТТЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Директордың әңгімесінен білген тағы бір жағымды жаңалық серіктестіктің өз қаржысына зәулім спорт кешенін тұрғызуды жоспарлап отырғаны болды. Бұл спорт кешені қала тұрғындарына арналып салынады. Физкультура мен спортты насихаттау ұжымда жақсы жолға қойылған. Әкесі Мереке Мұхиденұлы Серікбаевтың атына ашылған футбол командасы бар. Команда түрлі жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде. Ал Медет Мерекеұлының өзі облыстық кикбоксинг федерациясының президенті ретінде де қыруар істің басы қасында болып, іс атқарып келеді.

Серіктестік табысқа қол жеткізуімен қатар қайырымдылық шараларын да үнемі жүргізіп отырады. Олардың қатарында ауыл қарттары мен көп балалы отбасыларын «Қызылқоға» аудандық газетіне жаздыру, аудан жазушыларының кітаптарын бастырып шығаруға көмектесу, ауыл мектебіне спорт құралдарын әперу, студенттердің оқу ақысына демеушілік жасау, өзге де қаржылық қолдаулар бар. «Жомарттың жолы ашық» деген екен ата-бабаларымыз. Адам баласының ең ізгі, ең асыл қасиеттерінің бірі жомарттықты жұмыс жоспарларына қосқан «Авалон Групп Плюс» ЖШС-нің жұмыс ауқымы да, алдағы мақсаттары үлкен. Сәулет пен құрылыс саласында  тұтынушыларына энергия қызметін ұсынған осындай компанияға табысты жетістік пен шаруашылықтарының көркейе беруін тілейміз.

                                                                                  Светлана МУНЬЯНОВА

                                                          Қазақстан Журналистер одағының мүшесі