Ақтөбе қаласының әуежайында визит орталық ашылды.

9 желтоқсан, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда​ “Visit Aktobe” визит орталығының ашылу салтанатына​ қатысты.
Жобаның басты мақсаты —​ ішкі туризмді дамыту.

 

 

 

«Орталықта өңірдің туристік нысандарына​ қатысты кеңес беру қызметтері көрсетілетін болады. Сонымен қатар жергілікті өндірушілер мен​ ​ қолөнершілердің брендтелген өнімдері тұратын бұрыш​ орналасқан»,- дейді Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов..​

 

 

Жалпы, “Visit Aktobe” —​ бұл әрбір қалаған адам өңірдегі​ жергілікті туристік өнімдер,​ ​ көрнекі жерлер, тарихи құндылықтар, шаралар, экскурсиялық маршруттар және т.б. жайында​ толық ақпарат алуға болатын​ туристік-ақпараттық орталық.

 

 

Нұрхан Тілеумұратов:​ «Бүгінде бізде 18 туристік маршрут жұмыс жасайды, туристерді орналастыратын жүздеген​ ​ орын мен сексеннен аса мәдени ескерткіштер бар. Осылардың барлығы жайлы айтып, көрсететін болады»,- деп нақтылады.​

Облыс әкімі визит орталықтың азаматтарды қабылдауға дайындығына баға беріп, ұжым алдында бірқатар тапсырмалар берді және өңір игілігі үшін​ табысты қызмет атқаруларын тіледі.

 

 

Оңдасын Оразалин:​ «Мәдениет басқармасымен тығыз жұмыс істеңіздер, өйткені туристерді қызықтыратын көптеген шаралар өткізіледі. Мәселен,​ Димаш Құдайберген қатысатын​ жыл сайынғы​ «Бақытты бала»​ халықаралық​ фестиваль-байқауы, сондай-ақ, жарынға жоспарланған халықаралық көшпенділер фестивалі. Біздің өңірге келетін қонақтарды осындай шаралар туралы хабардар етіп отыру керек»,- деп атап өтті.