ЖУАЛЫДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта әлеуметтік дүкендердің санын арттыру қолға алынғаны белгілі. Негізгі міндет — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қол жетімді ету.
Бүгін осы мақсатта аудан орталығынан әлеуметтік дүкен ашылды.
Мұндағы сөрелерге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады. Бүгінгі таңда дүкенде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары сатылуда. Атап айтқанда: күріш, бірінші сортты бидай ұны, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр, тауық еттері, сүт, айран, сүзбе, жұмыртқа, сары май, өсімдік майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант, ас тұзы.
✅Жағымды жаңалықты естіген аудан жұртшылығы дүкенге келіп, сауданың көркін қыздырды.