Қарағанды облысында балалар үйлері азайды
Соңғы үш жылда Қарағанды облысының балаларүйлерінің тәрбиеленушілер саны 28%-ға қысқарды(666-дан 487 адамға дейін). Білім басқармасыныңмәліметінше, алты мамандандырылған мекемежабылды.
2019 жылы Теміртау мен Балқаштағы балаларүйлері жұмысын тоқтатты.
Бір жылдан кейін Литвинская мектеп-интернаты жабылды. 2021 жылы «Құлыншақ» балалар үйі мен Қарағандыдағы Үміт үйі, сондай-ақ Жезқазғандағыкәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен М.Құлышева атындағы балалар үйі өмірлік қиынжағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарынаайналды.
– Осы уақыт ішінде 313 тәрбиеленуші белгілі біротбасыларға орналастырылды. 166 адам патронаттықтәрбиеге, 81-і қамқорлыққа, 15-і отбасы үлгісіндегібалалар үйіне, 16-сы асырап алынды, 35 бала туғанотбасына қайтарылды, – деп хабарлады білімбасқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.
2016 жылдан бастап «Әсем» және «Таңшолпан» балалар үйлерінде «Тәлімгерлер» жобасы жұмысістейді. Бұл 40 оқушыға өз тәлімгерлерін табуғамүмкіндік берді. Нәтижесінде алты бала кураторларотбасында тәрбиеленуде.
Жомарт Шаймұрат