Жезқазғанда мейірімділік челленджі басталды
Жезқазғанда қоғамшылдар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар ерекше челленджді іске қосты. Олар қала көшелерінде қар тазалаумен айналысатын коммуналдық қызмет қызметкерлерін ыстық шаймен және тамақпен қамтамасыз етеді.
– Бұл челлендж мейірімділікті насихаттауға бағытталған. Коммуналдық қызмет жұмысшылары қыс пен жазда қаламыздың игілігі үшін еңбек етеді. Жазда көшелер қоқыстан, қыста қардан тазартылады. Олардың жалақысы аз, бірақ соған қарамастан олар біздің қаламызды жақсы көреді және кез келген ауа-райында өз міндеттерін құлшыныспен орындайды, – дейді қалалық мәслихат депутаты Мұрат Бөрібаев. – Эстафетаны қала тұрғындары Эльвира Алпанбаева, Тұрсынай Ибадатова мен Лаура Байдосовадан алдым. Мен осы шараны қолдауға шешім қабылдадым және эстафетаны әріптестеріме, достарыма жолдаймын.
Сондай-ақ, қоғамшылдар мен депутаттар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін табыс етіп, көмектеседі. Олар барлық жанашыр тұрғындарды өздерінің бастамаларын қолдауға және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге шақырады.
Жомарт Шаймұрат