Көрген білген, ойға түйген
керексіз кезде ұзаратыны бар.
***
Өзге ұлтқа ұқсауға тырыспа,
өзгелер саған ұқсауға тырыссын.
***
Дүние қарызы пұлмен өтеледі.
Рухани парыз қайырлы іспен өтеледі.
Қарыз өтелмей парыз өтелмейді.
***
Шам жақсы болса жарығы алысқа түседі.
Жігіт жақсы болса ағайынға пайдасы тиеді.
***
Жақсы ой ақылыңды толықтырады.
Жаман ой жүйкеңді зорықтырады.
***
Ой өрісі тар адам тұсаулы ат.
***
Қыз жаман болса анаға сын.
Ұл жаман болса атаға сын.
***
Сана — тал ағаш.
Ой — тыңайтқыш.
Ақыл — жеміс.
Ұят — жапырақ.
***
Қиын кез қашан өтеді деп жүргенде өмірдің өзі де өте шығады.
***
Ақылы бар өсиет тыңдайды.
Ақылы жоқ өсек тыңдайды.
***
Иман ұяттың жетекшісі.
Ұят жауапкершілік күзетшісі.
Жауапкершілік абыройдың себепшісі.
Абырой іс- әрекетіңнің есепшісі.
***
Талапсыздың талпынысы жоқ.
Талпынысы жоқтың табысы жоқ.
***
Жаман жаманға қадірлі.
Жақсы баршаға қадірлі.
***
Ұрыс -керіс дегеніміз көзқарастар қақтығысы.
***
Деп қалған ауыз деуден тиылмас.
Жеп қалған ауыз жеуден тиылмас.
***
Жүзге келсең де жөнге кел.
Айжарық Ералидың фб-дағы парақшасынан