Адамзат шешілмес проблемалардың алдында тұр

Халықаралық адамзат бауырластығы күнінде оқыған жолдауында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Кедейлік пен теңсіздіктің күшеюі, қақтығыстар, бытыраңқылық пен сенімсіздік – адамзат, міне, осындай шешілмес проблемалардың алдында тұр»,— деді. Халықаралық бауырластық күнінде ол мәдени және діни түсіністік пен өзара құрметтің маңыздылығын еске салып, диалог пен конфессияаралық келісімді ілгерілетіп отырған дүниежүзіндегі дін көшбасшыларына алғысын білдірді. БҰҰ басшысы өз жолдауында тек діні немесе сенімі, этникалық, жынысы немесе жыныстық бағдары негізінде адамдарға қарсы өшпенділік, төзімсіздік, кемсітушілік, тіпті физикалық шабуылдардың көбеюін айыптады. Гутерриштің айтуынша, мұндай жантүршігерлік әрекеттер – Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарына жасалған шабуыл. Ол барлығы үшін инклюзивті, бейбіт және әділетті әлем құру үшін ынтымақтастықта әрекет етуге шақырды.