Оқу форматына қатысты жаңа қаулы

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды. Онда: «14-і ақпаннан бастап студенттер мен оқушылар сабақты штатты режимде оқиды. Барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт. Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 14-і

ақпанынан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомствоға тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», — делінген. Сондай-ақ, Есмағамбетова эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды. Еске салсақ, 8-і ақпанда Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланған болатын. Үшінші тоқсан басталғалы жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алды, енді елдегі барлық бала мектеп партасына оралады.