Қарағандылық еріктілер қатерлі ісікке шалдыққан балаларға ойыншықтар сыйлады
Қарағанды облысының еріктілері «Играйка» дүкенімен бірлесіп, онкологиялық дертке шалдыққан балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
– Биылғы жыл Қазақстанда Балалар жылы болып жарияланғандықтан, біз тағы бір қайырымдылық акциясын облысымыздың қатерлі ісік ауруына шалдыққан жас тұрғындарына арнауды жөн көрдік. Біз оны 15 ақпанда атап өтілетін Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күніне орайластырдық. Қарағандыда облыстық ауруханада есепте тұрған 15 бала демеушілер тарапынан сыйлық алды. Бұл акция облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды, – дейді Қарағанды облысы бойынша еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Мәдина Тұрсынбекова.
Жомарт Шаймұрат