Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен бильярдтан республикалық біріншіліктердің жеңімпазы Рысбаев Рүстемнің ұйымдастыруымен Қаратау қаласының қысқы ашық біріншілігі өтті.
Қала біріншілігіне Қаратау қаласынан 20-ға жуық бильярдшылар қатысып, өз бақтарын сынады.
Жарыстың қорытындысы бойынша бас төреші Рысбаев Рүстем екі үшінші орын, бір екінші орын және бір бірінші орын бекітті.
Жүлделі 1 орынды алған Сейілбек Бақдаулет, 2 орын Сәрсеков Айдос, 3 орын Еркіналиев Самат/ Ағзамбек Медет.
Ұйымдастырушылар қысқы біріншілік пен тоқталып қалмай, жазғы біріншілікті де ауқымды етіп өткізуге уәде етті
Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі