САРЫСУҒА ІССАПАРМЕН «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
Жуырда «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының жетекші өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды.
Ең әуелі халық қалаулылары аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевпен бірге, өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — «Қазфосфат» ЖШС-нің жетекші сала мамандарымен кездесті. Жұмысшылардың талап-тілегін тыңдады.
Кездесуде Азат Тұрлыбекұлы жыл басында орын алған қаңтар оқиғасына қатысты құзырлы органдармен бірге, әр өңірде құрылған тәуелсіз комиссия мүшелері жан-жақты талдау жасап жатқандығын айтты. Ел ішінде тараған түрлі қауесет пен алып-қашпа әңгімелерге елді ермеуге үндеді.
Келесі боп сөз алған депутат Қазыбек Жарылқасынұлы Сарысу ауданына алғаш табан тіреп жатқандығын, бұл өңір талай талантты түлеткен киелі мекен екенін айтып, ағынан жарылды. Ол кісі де талай қазақтың қабырғасын қайыстырған қаңтар қасіретіне қатысты толымды пікірімен бөлісті.
Депуттарға жиынға қатысқан кәсіпорын қызметкерлері көптің көкейінде жүрген утильдік алым, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының негізсіз қымбаттауы, сондай-ақ, зейнетке шығу жасын қысқартуға қатысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
Жиынды жүргізген аталған кәсіпорын директорының орынбасары Ерсін Сариев, Қаратау тау-кен өңдеу кешенінің жұмыс тәртібімен, алға қойған жоспарлы межесімен бөлісті.
Ерсін Берікұлының айтуынша, кәсіпорынға жаңа басшылық келгелі қысқа мерзім ішінде барлық қызметкердің айлық жалақсы 35 пайызға көтерілген. Осылайша орташа айлық 217 мың теңгені құраған. Мұнымен қоса, нағыз жұмысшы күштің еңбегі елеусіз қалмай, кәсіби мереке қарсаңында тұрақты түрде көтерме сыйақы тағайындалып жатқандығын да тілге тиек етті.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары тау-кен өңдеу кешендеріндегі 5 асхананы қайта жабдықтап, 1 маусымнан бастап мекеме қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз етпек. Бұл да қарапайым жұмысшылар үшін жасалып жатқан дүние. Ал, моноқала инфроқұрылымына үлес қосу бойынша, ел аузында «Үш алып» аталып кеткен қараусыз қалған тұрғын үй ғимаратын қайта қалпына келтіріп, баспанаға мұқтаж кәсіпорын қызметкерлеріне үлестірілмек.
Одан әрі депутаттар аудандық орталық базарда орналасқан көтерме азық-түлік дүкендеріне бас сұғып, жеке кәсіпкерлермен және тұтынушылармен кездесті. Дүкен иелерінен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының қымбаттауына қандай факторлар әсер ететіндігін сұрады.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамбыл облысына жұмыс сапарын 18 ақпан күні Жуалы ауданынан бастаған болатын.
Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі
и ещё 5
28
Комментарии: 5
Поделились: 3
Нравится
Комментировать
Поделиться