ЖАЛҒЫЗТӨБЕЛІКТЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
ЖАЛҒЫЗТӨБЕЛІКТЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
Байзақ ауданына қарасты, Жалғызтөбе ауылдық округінде 513 аулада 3070 адам тұрады. Жер көлемі 14515 гектарды құрайтын округте ауылшаруашылығы саласы жылдан жылға дамып келеді.
Атап айтар болсақ: Есепті жылы 2485 гектар егін егіліп, 18337 тонна өнім алынған.
Шаруақожалықтары лизнг алып, шаруаларын дөңгелентіп отырса, кәсіпкерлік те кеңге құлаш жаюда деп айта аламыз.
Өйткені мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жете түсінген ауылдықтар «Бизнестің жол картасы» аясында кәсіптен нәсіптерін тауып отырғандықтарын мақтанышпен айтады.
Аядай ғана ауылда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар баршылық.
Бұл жайлы бүгінгі округ әкімінің есеп беру жиынында да кеңінен айтылды.
Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасау, аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейін төмендету десек, осы орайда да атқарылған істер жетерлік екен.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 35 адам оқып, 29 адам қайтарымсыз грант алған.
Жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыс, тұрақты жұмыспен де қамтылып, жалпы ауылдықтардың ахуалы жақсара түскен.Білім, балабақша, әлеуметтік салада да біршама оғң өзгерістер байқалады.
2021 жылы тұрмысы төмен отбасыларына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек 33 отбасыға, яғни 100 балаға 77 млн.теңге тағайындалған.
Бұдан бөлек қайырымдылық, игілік, ізгі шаралар да ауылда жиі көрініс тауып отырады.
Денсаулық, тұрғын үй саласында да өзгеше леп бар. Көптен бері әлемді әбігерге салған індеттің алдын алуға байланысы ауылдықтар жүз пайыздан да жоғары екеп қабылдап, сақтықта қорлық жоқ екендігін көрсетіп отыр.
Жолдар жөнделіп, көше жарықтары тұрғындар демеушілігімен тартылған.
Ауызбірлігі мен ынтымағы жарасқан ауылдық округ әкімі Н. Өнетаевтың баяндамасы барысында басқа да ауылдағы тіршілік барысы кеңінен баяндалып, көпшілік тарапынан берілген сауалдарға жауаптар берілді.
Өзге да алға қойған жоспарлар мен атқарылуға тиісті мәселелер көтеріліп, ауыл тынысын жоғарыға жеткізіп, көтерілген кейбір мәселелердің оңтайлы шешімін табуға атсалысатындығымды айттым.
Жалпы осы округтен сайланған халық қалаулысы ретінде ауылдықтарды қашанда денсаулықты күтудің алдын алуға, жастарды білімге жетелеуге, мүмкіндігі шектеулі көмекті қажет ететін отбасыларын ұйымдастырушылықпен көмек қолын созуға атсалысып жүрмін.
Алдағы уақытта ауылдық ахуалы мұнанда жақсарып, тұрғындарымыздың сенімін ақтайтын боламыз.
Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты.