Аймақ басшысы Еңбек ауылындағы есептік жиынға қатысты
Аймақ басшысы Еңбек ауылындағы есептік жиынға қатысты
✅Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданынының жаңа әкімі Ерлан Қыдыралыұлын активке танысыстырғаннан кейін, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Асылбек Қонаровтың Еңбек ауылы тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты.
✅Бердібек Машбекұлы аудан әлеуетін көтеру, әлеуметтік мәселелердің жүйелі шешілуіне өңір әкімі барынша күш салу қажеттігіна баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
✅Жиында Асылбек Серікұлы ауылда атқарылыған жұмыстарды баяндады.
Еңбек ауылына газ тарту жұмыстары аяқталған. Тек қосылу нүктесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталар болса, ауылға «көгілдір отын» жеткізілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ көше жарықтандыру, ауылішілік көшелерді асфальттау жұмыстары жөнінде атқарылатын жұмыстарды айтты.
Кездесуде ауыл азаматтары тарапынан қойылған сауалдар назарға алынып, жауаптар берілді.
Өз кезегінде Б.Машбекұлы тұрғындардың өтініш-тілектерінің орындалуы барысы ауыл әкімінің тікелей бақылауында болуын назарға алу қажеттігін алға тартты
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі