Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді
Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты шектеу шаралары жеңілдетіледі. Атап айтқанда, қазір балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне балабақшалар мен мектептерге кіруге рұқсат етілген.
Тиісті қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин қол қойды. Құжат 22 ақпанда күшіне енеді.
Ертеңнен бастап:
— Ashyq қосымшасында «жасыл» және «көк» мәртебесі бар тұлғалар сауда-ойын сауық орталықтарына, сауда үйлері мен желілерге, бассейндерге, ойын, түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып, шектеусіз бара алады;
— көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық дұға ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;
— кинотеатрларда кинозалға тамақ пен сусын ішуге рұқсат етілген;
— балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығы бойынша шектеулер алынып тасталды.
— ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алынып тасталды (қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жағдайында қашықтан және бетпе-бет форматтағы қызметкерлердің пайыздық қатынасы бойынша талаптарды ескерместен жұмыс істеуге болады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID -19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID -19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің офлайн жұмыс істеуіне жол беріледі);
— егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды;
— ПТР-тестсіз вакцинациялау паспорттарын өзара мойындайтын шет мемлекеттердің азаматтарына кіруге рұқсат етіледі;
— ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды;
— балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.
Білім беру мекемелерінде COVID -19 топтық ауруын тіркеген кезде сыныптарға, топтарға және ағындарға үй карантині 10 күнге созылады. Бұл ретте карантинді енгізу бір сыныптағы (топтағы), бір ауысымдағы немесе бір ағындағы балалардың 30%-дан астамы дерт жұқтыруына байланысты болуы тиіс. Балалар үй карантині аяқталғаннан кейін сабақтарға ПТР-тест тапсырусыз және анықтама ұсынусыз жіберіледі.
«Pfizer» вакцинасын келесі санаттағы азаматтарға қолдануға рұқсат етілген:
— мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдардың ревакцинациялары;
— вакцинация:
— мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер);
— Қазақстаннан тыс жерде бірінші компонентті алған вакцинациялау курсын аяқтау үшін (екінші доза).
Жомарт Шаймұрат